Жастардың да айтары бар. Сайлау науқаны туралы олар не дейді?

27 Қазан 2022, 16:20
1530
Бөлісу:
Жастардың да айтары бар. Сайлау науқаны туралы олар не дейді?
Фото: автордан

Бүгін жас сайлаушылар клубының отырысында жастар еліміздегі сайлау туралы түрлі мәселелерді көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының жанынан құрылған жас сайлаушылар клубының мүшелері баяндама барысында түрлі мәселелерді көтерді. Оның бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті. Ол өз баяндамасында онлайн дауыс беру жүйесінің маңызын, өзге мемлекеттердегі жастардың сайлауға қатысу көрсеткіші туралы ақпарат берді.

«Әлемнің көптеген елдерінде жастар сайлау процесіне белсенді араласады. Мысалы, Францияда 2022 жылғы сайлауға 18-24 жас аралығындағы жастардың-59%, 25-34 жас аралығындағы жастар-63% дауыс беруге қатысқан. Ал, Германияда 2021 жылы жастардың 79%-ы дауыс берген. Бұл тұрақты көрсеткіш. Ал, Эстония онлайн дауыс беру жүйесін жүйелі пайдаланып отырған ел. Қазақстанда жастардың 35% ғана белсенді сайлауға қатысады»,-дейді ол.

Сондай-ақ республикалық дебат клубының президенті сайлау процесін жүргізуде әлемдік тәжірибені негізге алып, саяси пікірсайыс өткізуді ұсынды.

Жастардың да айтары бар. Сайлау науқаны туралы олар не дейді?

«Кез-келген дамыған қоғамда қоғамдық пікірсайыс әрқашан жоғары деңгейде дамуда. Себебі ол тікелей саяси ортаның алмасуына әкеледі. Егер саяси пікірсайыс, парламенттік пікірсайыс болмаса, қоғамның оған қызығушылығы төмен болады. Біз елімізде сайлау науқанында әділ, обьективті, шоусыз, халықаралық форматта жасалған саяси пікірсайыс ұйымдастырылса деген ұсынысты білдіреміз»,-дейді Болат Бұқарбай.

Өзгелердің жаңалығы