Жастар кадрлық резерві тиімді әлеуметтік лифтке айналды – Президент

8 Желтоқсан 2021, 11:52
1140
Бөлісу:
Жастар кадрлық резерві тиімді әлеуметтік лифтке айналды – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарының жеңімпаздарын марапттау барысында айтты. 

Тәуелсіздік жылдарында лайықты ұрпақ өсіп шықты. Жастарды жан-жақты қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші жартысындағы жүйелі дағдарыс жағдайында Қазақстанда «Болашақ» кең ауқымды білім беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы болатын. Осы бастаманың арқасында еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған жастар әлемнің үздік университеттерінде озық білім алып отыр. Олардың көпшілігі қазірдің өзінде Қазақстанның ілгері дамуына өздерінің қомақты үлестерін қосуда, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Президенттің жастар кадрлық резерві тиімді әлеуметтік лифтке айналғанын айтты. 

Бұл жас әрі өршіл мамандарға мемлекеттік басқару жүйесінде өзін көрсетуге тағы бір мүмкіндік береді. Партияның сайлау тізімдеріндегі 30 пайыздық квота Мәжіліс пен мәслихаттардағы жастардың өкілдігінің артуына ықпал етті. Жастарды қолдау мақсатында тұрғын үй бағдарламалары мен арнайы жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекеттік наградалар мәдениет, білім және ғылым салаларында жетістіктерге жеткен дарынды жастарға беріледі. Бүгінгі кездесу шығармашылық жобаларыңыз бен бастамаларыңызды жүзеге асыруға серпін беретініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Өзгелердің жаңалығы