Жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: ел қоржынына алғашқы медаль түсті

25 Мамыр 2024, 04:15
418
Бөлісу:
Жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: ел қоржынына алғашқы медаль түсті
Фото: olympic.kz

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан алғашқы медалін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақжол Құрманбек күміс жүлдегер атанды.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 285 (129+156) келіні көтерген.

Алтын медальді египеттік Хуссейн Хамуда Абделрахман (286 келі), қоланы молдовалық Александр Балжи (282 келі) иеленді.

Өзгелердің жаңалығы