Жасөспірім балаларымен тіл табыса алмай жүрген ата-аналар бар – психолог

13 Қаңтар 2021, 15:58
2602
Бөлісу:
Жасөспірім балаларымен тіл табыса алмай жүрген ата-аналар бар – психолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Media medschool» онлайн дәрісі барысында клиникалық және балалар психологы Жанна Сафиуллина айтты.

Көбіне маған келетін адамдардың басты проблемасы – жақын адамдарымен арадағы қарым-қатынас жайы. Мысалы, жасөспірім балаларымен байланыс орнатудың ретін таба алмай жүрген ата-аналар бар. Бұрынғы әдістер қазір нәтиже бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде психолог кеңесіне жүгінетіндер жетерлік, - дейді ол.

Психолог соңғы айларда елдегі пандемияға байланысты жағдайға сәйкес, кеңес алғысы келетін адамдар саны артқанын айтады.

Жасөспірімдердің өзі де эмоционалдық жағдайдың нашарлағанына, қорқыныштың пайда болғанына, үрейдің артқанына, көңіл-күйдің өзгеруіне қатысты мәселелермен жиі келеді. Оның үстіне осы пандемия салдарынан жақын адамдарынан айырылған отбасылар бар, бұл да күрделі тақырып, мұндай кезде де психолог немесе психотерапевт кеңесіне жүгінген жөн. Себебі, балаға, жасөспірімге, кейде тіпті ересектерге де психолог көмегі аса қажет болып жатады, - деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі дәріс «COVID-19 пандемиясынан психологиялық денсаулықты қалай сақтаймыз және  психикалық аурулардың алдын алу: тәжірибелі мамандардың кеңесі» тақырыбы аясында өтті.

Өзгелердің жаңалығы