Жасанды интеллект дос па, дұшпан ба?

19 Наурыз 2023, 11:42
2874
Бөлісу:
Жасанды интеллект дос па, дұшпан ба?
Фото: скриншот

Қазір қоғамда көп талқыланатын мәселелердің бірі жасанды интеллект. Адам баласының бүгінгі онлайн және оффлайн өмірі жасанды интеллектке тікелей байланысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Онлайн марафонда осы тақырып бойынша дебат өтті. Жасанды интеллекттен бұрын интеллект сөзіне анықтама беруден дебатты бастаған техника ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Шәріпбай жасанды интеллект білім негізінде жұмыс істейтінін атап өтті. 

Жасанды интеллект дос деген ұстанымды айтқан Алтынбек Шәріпбай дебат соңында саясатқа байланысты қас та бола алады деген пікір білдірді. 

KazASeroSpace компаниясының коммерциялық директоры Зарина Құтпанова жасанды интеллект тек құрал деген пікірде.

Оның айтуынша, ол адамның қолы мен миы арқылы ойлап табылған. Оны күннен күнге қолданылған сайын кішкене білімі жоғарылай бастайды. Ары қарай оның қаншалықты дамуы-дамымауы адамдарға байланысты. Оны максималды түрде қолданбау керек. Қосымша құрал ретінде пайдалануға болады. 

Жасанды интеллектке сенбей мектепте, ЖОО-да алған білімді көрсету керек. Адамның оқу-білімде дамуы өзіне байланысты. 

Жасанды интеллект өз сезімін білдіре алмайды. Эссе немесе қандай да бір курс жұмыстарын жазған кезде өзіңіздің жүрегіңізбен, ақылыңызбен, креативтілігіңізбен жаза отырып, керемет шығарма жазуыңыз мүмкін. Ал жасанды интллект ондай емес,- дейді Зарина Құтпанова.

Өзгелердің жаңалығы