Алматыда жас жұбайлардың той кортежі атпен жүріп өтті

10 Қыркүйек 2019, 19:09
2269
Бөлісу:
Алматыда жас жұбайлардың той кортежі атпен жүріп өтті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматы көшелерімен жүріп өткен ерекше той кортежінің видеосы таралып кетті.

Кадрларда күйеужігіт, қалыңдық және оның достары Алматыдағы мейрамханалардың біріне атпен келді.


«Ат кортежінің» соңынан баян мен домбырада ойнаған музыканттар еріп жүрді.

"Бұл той кеше болды. Әрине, біз қарсылық танытпадық. Бұл клиенттің таңдауы. Айтарлықтай қиындық болмады. Тек аттан түсу қалыңдыққа аздап қиындық туғызды», - деді той өткізген мейрамхана өкілі.

Видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушыларының көбісі жастардың ерекше бастамасын қолдап, әртүрлі жазба қалдырды.

«Түйелер керуені, хан күзеті қайда?», - деп қалжыңдап жазды Артур Дуйсалиев.

Өзгелердің жаңалығы