«Жас қыз». Сүлейменова эйджизм, сексизм жайлы ойын айтты

11 Қаңтар 2023, 16:33
1523
Бөлісу:
«Жас қыз». Сүлейменова эйджизм, сексизм жайлы ойын айтты

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өзінің жасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Эйджизм, сексизм  - өкінішке қарай қоғамда әйелдерге қатысты мұндай жағдайлар бар. Бұл тек елімізде ғана емес, жалпы әлем елдеріне белең алған. Менің ойымша, бұл мәселеге философиялық тұрғыдан қарау керек. Оны уайымдап, ойлаудың қажеті жоқ. Тек іспен дәлелдеу керек. Маған Қазақстанда емес, халықаралық алаңда «жап-жас қыз» деген пікір айтылады. Мұндай сөзге философиялық тұрғыдан қарап, жұмыс істеуді жалғастыра беру қажет. Министр болуым – мен үшін үлкен жауапкершілік. Жастардың елдің дамуына үлесін қоса алатындығының дәлелі мен көрсеткіші. Жүктелген міндеттер мен үмітті ақтауға тырысамын, - деп жауап берді Зүлфия Сүлейменова.

Сондай-ақ журналистер Сүлейменоваға «кейбір еркектер әйелдердің оларды басқарып, тапсырма бергенін ұнатпайды. Мұндай жағдай кездесті ме?» деп сұрады. 

Иерархияны ешкім түбегейлі жойған жоқ. Қалай болғанда бағынышты адамдар болады, бірақ біз мұндай кезде ортақ тіл табуға тырысамыз. Мен олардың көбімен жұмыс істедім. Сол себепті жұмыс істей аламын деуге болады. 

Өмірде үнемі бәрі жақсы, ойдағыдай бола бермейді. Хейтер, көреалмаушылық, негатив болары анық. Бұл жайтқа да философиялық тұрғыдан қарау керек. Егер теріс пікірлер мен көреалмаушылардың әр сөзіне мән берсек, көміліп қалуға болады. Министр ретінде маған артылған жауапкершілік жоғары, сондықтан көреалмаушыларға уақыт жоқ, - деді Зүлфия Сүлейменова. 

Өзгелердің жаңалығы