Жас министр Үкімет отставкаға кетсе немен айналысатынын айтты

19 Наурыз 2023, 13:49
601
Бөлісу:
Жас министр Үкімет отставкаға кетсе немен айналысатынын айтты
Фото: автордан

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікірін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ведомства басшысы сайлауда дауыс берді. Сондай-ақ егер отставкаға кетсе немен айналысатынын айтты.

Егер олар соңғы 2,5 айда істеген күш-жігерімді бағалап, қабылданған шараларды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік берсе, мен өте қуаныштымын және алғыс айтар едім. Егер маған рахмет айтса, менде рахметімді айтамын. Мен бұл жағдайға сабырмен қараймын, сондықтан олар маған екінші мүмкіндік берсе, мен жалғастырамын, бірақ егер  «рахмет» десе, онда айналысатын ісім бар, - деді Зүлфия Сүлейменова.

Оның айтуынша, министр қызметінен кеткен жағдайда өзіне қызық саланың бірі - ғылым. 

Менің бұрынан Хирш индексімді жоғарылату міндетім бар, менде ол екеу. Мен көбірек жариялап, көбірек зерттеу жүргізгім келеді. Егер қызметтен босатылсам сол іспен айналысам, - деді Зүлфия Сүлейменова. 

Өзгелердің жаңалығы