Жас командирлер жеке құрамды басқару тәжірибесіне машықтанады

1 Ақпан 2024, 21:29
545
Бөлісу:
Жас командирлер жеке құрамды басқару тәжірибесіне машықтанады
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Мерзімді қызметтің сарбаздары бөлімшелердің жауынгерлік атысы барысында тактикалық міндеттерді пысықтауда, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде өткен жылдың күзінде шақырылған сарбаздардың жауынгерлік оқуы «Мәтібұлақ» полигонында қарқынды жүріп жатыр.

Әскери қызметшілер жеке жауынгерлік міндеттерді орындау тәртібін меңгерген мамандық бойынша дайындық кезеңінен өткен соң бөлімшелерді үйлестіру басталды. Жауынгерлік атыс кезінде сарбаздар қозғалыс, атыстағы өзара іс-қимыл тактикасын пысықтайды, ал бөлім командирі әр жауынгердің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды, олардың іс-қимылын үйлестіріп, тапсырмалардың орындалуын бақылайды. Бөлімше жауынгерлері өз міндеттерін орындап қана қоймай, ұрыс жағдайы өзгергенде жедел әрекет ете білуі керек.

Жас командирлер жеке құрамды басқару тәжірибесіне машықтанады

Бөлімшелердің атысы – жауынгерлік даярлықтың негізгі кезеңдерінің бірі. Мақсатымыз – алға қойылған міндеттерді ойдағыдай орындай алатын мықты, тәртіпті жауынгерлік бірлік құру. Жас командирлер жеке құрамды басқару тәжірибесіне машықтанады. Сарбаздарды бөлімше құрамында жұмыс істеуге үйретеміз. Бұл үшін полигонда қажетті жағдайдың бәрі жасалған, – деп атап өтті танк бригадасы командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Айдын Асқаров.

Бөлімшелер құрамындағы жауынгерлік атыстар командирлердің көшбасшылық қасиеттерін және әрбір әскери қызметшінің нәтижеге деген жауапкершілігін дамытуға ықпал етеді. Жауынгерлік дайындықтың келесі кезеңі взводтарды үйлестіру болмақ.

Өзгелердің жаңалығы