Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқыту басталды

24 Шілде 2019, 09:36
3241
Бөлісу:
Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқыту басталды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жастар жылына орай «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен іске асып отырған «Жас кәсіпкер» жобасы бүгін оқытудың алғашқы легін бастады.  

IMG_20190724_110430.jpg

Аталған жобаның Алматы қаласы бойынша жетекшісі Қуанышбек Ерниязовтың айтуынша, бұл жоба Жастар жылына орай ұйымдастырлып отыр.

«Жастар жылы қарсаңында Атамекен кәсіпкерлер палатасы жаңа жобаны іске қосты. Бұл 2017 жылдан бері іске асырылып келген мемлекеттік Еңбек бағдарламасы аясында іске асырылған «Бастау» жобасының жалғасы. «Жас кәсіпкер» жобасына 18 бен 29 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар, жас кәсіпкерлер, мектеп, колледж және университет түлектері, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, еңбекке жарамды мүгедектер қатыса алады. Жұмыс істейтін және ЖОО оқитын жастар қатыса алмайды», - дейді ол.

Жобаға қатысу үшін жеке куәлік көшірмесі қажет болады, сондай-ақ құжат тапсыру үшін қалада 15 орын қарастырылған. Яғни кәсіпкерлер палатасына, жұмыспен қамту орындарында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып жолыға алады.

«Жобаға қатысқан түлектер өздерінің дағдыларын дамытып, соңында бизнес жоспар жасап шығады. Сол бизнес жоспары арқылы ары қарай 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант ала алады.  Сонымен қатар Еңбек мемлекеттік бағдарламасы бойынша  20 млн 200 мың теңгеге дейін несие алуға мүмкіндігі бар. Жалпы барлық қатысушыларға 19 753 теңге шәкіртақы төленеді. Жоба Алматыдағы барлық 8 ауданды қамтиды және 32 сынып ашылған, жастар сол жерде оқытылып жатыр. Әр сыныпта 50 жуық қатысушы бар», - дейді Қуанышбек Ерниязов. 

Сонымен қатар, ол биыл оқыту курсында 9600 адамды қамтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Оның ішінде 3200-і жастар, 6400-і барлық санаттағы адамдар, яғни жастардан бастап зейнеттік жастағы адамдар. Қатысушыларға бизнесті тиімді жүргізу, салық заңнамалары, маркетингтің қыр-сыры үйретіледі», - дейді ол.

IMG_20190724_110416.jpg

Оның айтуынша, мұндай оқыту курстары оң нәтиже береді. Өйткені бұған дейін пилоттық  «Бастау бизнес» жобасы іске асырылып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген.

«2016 жылы Атамекен демеушілердің қолдауымен Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында пилоттық жоба іске асырылды. Нәтижесінде мемлекет бұл жобаның тиімділігін көріп, 2017 жылдан бастап ол мемлекетітк бағдарламаға айналды. Жоба аясында 45 мыңдай адам оқу курсына қатысып, оның 11 мыңдайы өз жеке кәсібін ашып, жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Сонымен қатар, қосымша 16 мыңдай жұмыс орны ашылды», - дейді жоба жетекшісі.

Өзгелердің жаңалығы