Жарықсыз қалған Атырау облысында электр желілері қалпына келтірілді

11 Қаңтар 2021, 19:19
1539
Бөлісу:
Жарықсыз қалған Атырау облысында электр желілері қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше, яғни 2021 жылдың 10 қаңтар күні 18:25 шамасында Атырау облысында күн райының қолайсыздығығынан «Индер-Атырау» қосалқы станцияларында апаттық жағдай орын алды.

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, апаттық жағдай бүгін де өз жалғасын тапты. Бұл электр энергиясы жиілігінің төмендеуіне әкеліп, «KEGOC» желісінде пайда болған ақау салдарынан Ақтау қаласының 2, 3А, 3Б, 4 шағын аудандарында және Түпқараған ауданының елді мекендеріндегі кейбір нысанында тоқ көзі уақытша ажыратылды.           

Автоматика жұмысының нәтижесінде Маңғыстау мен Атырау облыстарының электр энергиясынан толықтай ажыратылуының алдын алынды. Қазір екі облыстың аумағында апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ақтауда да электр энергиясы толық қосылды. Қазіргі сағат 15.40 шамасында №7,25,26,27 жоғары вольтты ұяшықтарының жөндеу жұмыстары аяқталып,
1, 2, 3а, 3б, 4 шағынаудандағы ажыратылған электр желілері қалпына келтірілді, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Хамиев.

Өзгелердің жаңалығы