Жарты жылдың ішінде азық-түлік екі есеге дейін қымбаттады – Алматы әкімі

7 Шілде 2022, 15:48
1519
Бөлісу:
Жарты жылдың ішінде азық-түлік екі есеге дейін қымбаттады – Алматы әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Айтуынша, Алматыда бағаның жоғары өсу қарқыны сақталуда. 

Жыл басынан бері 6 айының қорытындысы бойынша инфляция 10,3%-ды құрады. Инфляцияға негізгі үлес бірінші кезекте азық-түлік бағасының өсуі есебінен қалыптасты, ол 16,4%-ға тең.  Ең көп өскені қант (2 есе, 560 теңгеге дейін), пияз (+90,2%, 156 теңгеге дейін), нан (+18,3%, 95 теңгеге дейін), сүт (+18%, 328 теңгеге дейін) бағасы. Олардың тұтыну бағасының индексіндегі үлесі  2,2 пайыздық тармақты құрады, - деп атап өтті қала әкімі. 

Мегаполис басшысы дегенмен, кейбір азық-түлік арзандады деп отыр. 

Дегенмен, жұмыртқа бағасының төмендеуі (0,4%-ға, 460 теңгеге дейін) және сиыр еті (0,9%-ға, 2 350 теңгеге дейін), сары май (5,6%-ға, 3 400 теңгеге дейін), тұз бағасының (6,5%-ға, 66 теңгеге дейін) шамалы өсуі байқалады. Жеткізу тізбегінің бұзылуы және теңге бағамының тұрақсыздығына байланысты әлі де жоғары инфляциялық күтімдер сақталуда, - деді Ерболат Досаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін мегаполис басшысы Алматыны дамыту жоспары 5 қыркүйекке дейін қабылданатыны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы