Жарты миллионнан астам елордалық коронавирусқа қарсы екпе алды

15 Шілде 2022, 14:16
1162
Бөлісу:
Жарты миллионнан астам елордалық коронавирусқа қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 513 мыңнан астам қала тұрғыны толық иммундаудан өтті. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов әкімдіктегі қаладағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы жиында хабарлады.

Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцицинацидан өткізу жұмыстары жалғасуда. Қалада 34 егу кабинеті жұмыс істейді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, вакцинаның 1 компонентімен жалпы қала тұрғындарының (711 930) 74,8%-ы саналатын 532 931 адам егілсе, 2 компонентімен 513 895 адам (72,1%) егілді.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда бала емізетін және жүкті әйел адамдар мен жасөспірімдер арасында вакцинациялау айтарлықтай жақсарған. Аталмыш санаттағы 40 594 адам вакцина алды.

Барлығы 2360 жүкті әйел, 30,8 мың жасөспірім және 7 347 бала емізетін әйел толық иммундаудан өтті. Енді шамамен 800 адам 2 компонентпен қамтылмақ. Осы бағытта емханалардың жұмысы одан әрі жалғасуда, – деді ол.

Сондай-ақ Тимур Мұратов қаладағы жоспарланған ірі медициналық инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласында патологоанатомиялық бюроның, жаңа перинаталды орталықтың, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін 5 жатақхананың және көп бейінді қалалық балалар ауруханасының құрылысы жоспарланып отыр.

Медициналық ұйымдарға берілетін тапсырма жылдағыдай өзгеріссіз болып қалады: қала стационарларына түсетін пациенттер санын азайту үшін оларды амбулаториялық деңгейде бақылау жұмыстарын күшейту қажет. Өз кезегінде стационар директорларынан қосымша инфекциялық төсек орындарын ашуға дайын болуды, жеке қорғаныс құралдары, дәрілік препараттар қорын толық қамтамасыз етуді сұраймын, – деді басқарма басшысы.

Вакцина алу – ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, денсаулығымыз бен жақындарымызды қорғаудың бірден-бір тиімді жолы екендігін атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы