Жақында республикалық бюджет шығыстарының бағыты нақтыланады - Ерұлан Жамаубаев

18 Наурыз 2022, 09:33
2457
Бөлісу:
Жақында республикалық бюджет шығыстарының бағыты нақтыланады - Ерұлан Жамаубаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

Тапсырыс берушілер бюджеттің 4-нші деңгейі шеңберінде жүзеге асыратын сатып алуды оңайлату мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 3 мың еселенген айлық есептік көрсеткіш (9 189 мың теңге) мөлшеріне дейін сатып алу нормасы көзделген, -деді Е. Жамаубаев.

Қаржы министрінің сөзінше, осы арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдары бір көзден сатып алуды оңайлатылған тәртіппен жүргізуге құқылы.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қайта құруды ескере отырып, сатып алу тәртібін одан әрі оңайлату «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» (Ұлттық экономика министрлігі) заң жобасы шеңберінде пысықталатын болады. Жұмыста формализм мен артық рәсімдерді жоюға, жергілікті өнім берушілерді қолдауға және жұмыс орындарын ашуға, халықтың сатып алу процесіне және шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға қатысуына баса назар аударылатын болады. Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында Қаржы министрлігінің құзыретіне қатысты басқа да тапсырмалар бар. Олар бойынша тиісті ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынылатын болады, -деді ҚР Қаржы министрі. 

Өзгелердің жаңалығы