"Жақсы қалжың екен". Тоқаев Беларусь президентінің ұсынысына жауап берді

29 Мамыр 2023, 14:28
2912
Бөлісу:
"Жақсы қалжың екен". Тоқаев Беларусь президентінің ұсынысына жауап берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында шаруалармен кездесті, деп жазады BAQ.KZ.

Жақында Беларусь Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Жақсы қалжың екен. Менің ойымша, бұған еш қажеттілік жоқ. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ал ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қажет емес. Себебі біз Ядролық қаруды таратпау және ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық, - деді президент.

Бұған дейін Мемлекет басшысы көктемгі егіс науқанымен танысу үшін «Дайындық Агро» ЖШС-ға қарасты егістік алқабын аралап көрді.

Өзгелердің жаңалығы