Жаппай тәртіпсіздік кезінде Жансейіт Түймебаевтың ұлы қайтыс болды

10 Қаңтар 2022, 15:40
5784
Бөлісу:
Жаппай тәртіпсіздік кезінде Жансейіт Түймебаевтың ұлы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қайтыс болды. Бұл мәліметті жоғары оқу орнының баспасөз қызметі растады.

06.01.2022 ж. Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын кешкі сағ. 18.35 минут шамасында Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан.  Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде, - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы