Жаппай тәртіпсіздік кезінде қазақстандықтар қанша SMS жібергені белгілі болды

14 Қаңтар 2022, 21:34
2160
Бөлісу:
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қазақстандықтар қанша SMS жібергені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай тәртіпсіздік кезінде елімізде төтенше жағдай жарияланып, интернет уақытша қолжетімсіз болды. Ел азаматтары әдеттегі қарым-қатынас құралдары – мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге қол жеткізу мүмкіндігінен айырылды. Олардың орнына SMS және дауыстық қоңыраулар келді.

Қазақстандық Kcell операторының сарапшылары елде интернет қолжетімсіз болған күндері абоненттердің қанша мәтіндік хабарлама жібергенін есептеді. 
7-9 қаңтар аралығы рекордтық SMS саны жіберілген күндер болды. Мәселен, жиынтық түрде, 7 қаңтарда – 51 млн 120 мың 435, 8 қаңтарда – 70 910 322, ал 9 қаңтарда – 67 278 926 хабарлама жіберіліпті.

Салыстырмалы түрде орташа есеппен Kcell және activ абоненттері 2021 жылдың желтоқсанында елде желіге қол жеткізу мүмкіндігіне қатысты қиындықтар болмаған кезде 15 млн-ға жуық мәтіндік хабарлама жіберген. 8 қаңтарда қазақстандықтар қалыпты күнге қарағанда 55 млн-ға көп SMS жіберген.
Шығыс SMS сервисі бойынша ең жоғарғы мәнге 8 қаңтардан 9 қаңтарға дейін қол жеткізілді және сағатына 3,6 млн хабарламаны құрады, бұл әдеттегі күнгі орташа мәннен 116 есе артық.

Дауыстық қосылыстар кезінде өндірілетін трафикке келетін болсақ, мұнда да рекордтар қойылды.

5-10 қаңтар аралығында абоненттер 2021 жылғы желтоқсанда бір күнгі орташа көрсеткіштен шамамен 75%-ға артық дауыс трафигін өндірді. Ең қарбалас күн – бейсенбі, 6 қаңтар және ол 88%-ға өсті.

Абоненттерді ұялы байланыспен қамтамасыз ету – ұжымының басты бағыты. Компания қызметкерлері SMS-ті жеткізу кезінде кідіріс болмауы және дауыстық қоңырау шалу кезінде желіге шамадан тыс жүктеме түспеуі үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдардан хабарландыруларды жеткізуде кідірістер болмауы үшін тәулік бойы жұмыс істеді.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық Kcell және activ абоненттеріне 300 минут байланыс пен SMS 200 берілген.

Біз қазақстандықтарды еліміз үшін осындай қиын күндерде сенімді байланыспен қамтамасыз ету қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Біздің ұжым әрбір абонент өз туыстары мен жақындарына хабарласып, олардың халдерін сұрай алуы үшін қажырлы еңбек етті. Kcell бас кеңсесіне шабуыл жасалып, қызметкерлеріміз компанияның жүрегін – дата-орталықты ерлікпен қорғады, – деді Kcell бас атқарушы директоры Юрий Харламов.

Естеріңізге сала кетейік, 5 желтоқсан күні сағат 21:00-де Алматыдағы Kcell бас кеңсесіне шабуыл жасалды. Кеңсе аумағына 200-ге жуық адам басып кірген. 
Қызметкерлер дата-орталықты өз күштерімен қорғады. Kcell командасының бірінші кезектегі міндеті – оператордың 6 млн абоненті байланыссыз қалмауы үшін террористердің маңызды инфрақұрылым нысанын басып алуына жол бермеу болды.

Өзгелердің жаңалығы