Жапониялық компаниялар Ирандағы қызметкерлерін қайтарып жатыр

9 Қаңтар 2020, 15:36
2084
Бөлісу:
Жапониялық компаниялар Ирандағы қызметкерлерін қайтарып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапониялық компаниялар қауіпсіздік мақсатында  өз қызметкерлерін Ираннан қайтарып  жатыр. Бұл туралы жапониялық NHK телеарнасы хабарлады. 

MUFG Bank, Sumitomo Mitsui Banking Corporation, Mizuho Bank - Жапонияның үш ірі банкі. Бұл компаниялар Тегерандағы қызметкерлеріне бейсенбіде Иран аумағынан шығуға бұйрық берді. Сонымен қатар, банктер Иранға іссапарларды тоқтатты.  

Toyota Tsusho Corporation сауда компаниясы да осындай шешім  шығарды.  Аталған компания өзінің үш қызметкерін елге қайтарды. Бірақ әзірге Тегерандағы кеңсесінде жергілікті персоналдан құралған 12 адам жұмыс істеп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы