Жапонияда жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам коммуникациядан үзілді

8 Қаңтар 2024, 05:40
429
Бөлісу:
Жапонияда жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам коммуникациядан үзілді
Фото: baq.kz

Жапонияның Исикава префектурасында жер сілкінісі салдарынан 2318 адам байланыстан шеттетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Префектурадағы бірқатар ірі жер сілкіністерінің салдарынан жолдар қирап, көпірлер бүлінді, көшкіндер жолдардың бір бөлігін шайып тастады. Ұялы және телефон байланысы жұмыс істемейді. Жер сілкінісінің зардаптары қандай болғаны әлі белгісіз. Өйткені бірқатар аудандарға жету қиындап кеткен.

Ондай елді мекендерге тікұшақпен немесе жаяу ғана жетуге болады. Жер сілкінісінің эпицентрінде қалған Ното түбегінің географиялық орналасуы жағдайды одан әрі ушықтырып тұр. Жолдардың бұзылуы жүктерді жеткізу және үйінділерді бөлшектеу ауыр техниканың барлық түріне кедергі келтіріп тұр.

Өзгелердің жаңалығы