Жапонияда жанартау атылды

25 Шілде 2022, 09:30
2063
Бөлісу:
Жапонияда жанартау атылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның оңтүстігіндегі Кагосима префектурасында орналасқан Кюсю аралында жанартау атылды. 

Бұл туралы Kyodo News хабарлады. 

Сакурадзима жанартауының атылуы салдарынан аймақтағы апат деңгейі жоғарылаған. Жанартаудың күлі 2,5 шақырым биіктіккке шашыраған. Жапония метеорологиялық агенттігі халыққа эвакуация қажеттілігі туралы ескертіп, жанартаудың қауіптілік деңгейін үштен беске дейін артқанын мәлімдеді. 

Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида үкіметке келтірілген шығн туралы ақпаратты шұғыл жинап, жергілікті халық пен туристерді эвакуациялауға көмектесуді тапсырды. 

Метеорологтар тұрғындарға кратерден үш шақырым радиуста ірі жанартаулық тастардың құлау қаупі туралы ескертеді. Одан басқа, пирокластикалық тасқанның орын алу қаупі бар деп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы