Жапониядағы лайнерден түсірілген қазақстандықтар елге оралады

21 Ақпан 2020, 15:11
1404
Бөлісу:
Жапониядағы лайнерден түсірілген қазақстандықтар елге оралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің ақпаратына сәйкес, бүгін "Diamond Princess" круиздік лайнерінде болған тағы екі азаматымыз жерге түсірілді. Олар қазір Токио қонақ үйлерінің бірінде демалуда.

Осылайша, аталмыш лайнерде болған біздің барлық азаматымыз коронавирусты анықтайтын тесттен өтіп, нәтижелері теріс шықты. Олар ертең елге оралатын болады деп күтілуде.

Біздің Токиодағы дипломаттар лайнерде Қазақстанның азаматтары бар екені белгілі болған кезден бастап олармен тұрақты байланыс орнатып, оларға қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы