Жапониядағы круизде тағы 41 адамнан коронавирус анықталды

7 Ақпан 2020, 09:33
1180
Бөлісу:
Жапониядағы круизде тағы 41 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Diamond Princess кемесіндегі коронавирус жұқтырғандар саны 61-ке жетті. Сарапшылар круизде инфекцияның жаппай тарап кетуінен қорқып отыр.

Йокогаманың жағалауында карантинде тұрған Diamond Princess круиз лайнерінде тағы 41 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы 7 ақпанда Жапонияның Денсаулық, еңбек министрлігі хабарлады.

Осымен лайнерде коронавирус жұқтырғандар саны 61 адамға жетіп отыр. Жұқтырғандардың қай елдің азаматы екені әзірге айтылмайды.

Diamond Princess лайнерінде коронавирус анықталғаннан кейін Халықаралық круиз линияларының қауымдастығы хабарлама таратты. Онда Қытайдан келген адамдарды лайнерлердің бортына отырғызуға қатаң тыйым салынғаны жазылған.

Бұған дейін Diamond Princess лайнері карантинге жабылғаны және 20 адамнан коронавирус анықталғаны туралы жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы