Жапонияда мыңдаған көлік қар құрсауында қалды

18 Желтоқсан 2020, 20:42
1605
Бөлісу:
Жапонияда мыңдаған көлік қар құрсауында қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда жолда қалған жолаушылар құтқарылды, деп жазды «Хабар 24». 

Мұнда 1100 көлік жолда қалып қойып, 15 шақырымдық кептеліс пайда болған. Мамандар бірнеше адамды ауруханаға жеткізді. 

Айта кеткен жөн, Жапонияда осы аптаның басынан бері қар тоқтамай жауып тұр. Кейбір жерде оның биіктігі 2 метрге дейін жетеді. 10 мыңнан аса үй жарықсыз қалды. Ал, синоптиктердің болжамы бойынша қар әлі де жауа береді.

Өзгелердің жаңалығы