Жапонияда круиз лайнерінің экипаждары COVID-19 инфекциясын жұқтырған

22 Сәуір 2020, 11:04
1225
Бөлісу:
Жапонияда круиз лайнерінің экипаждары COVID-19 инфекциясын жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапониядағы Costa Atlantica круиз кемесінің экипаж мүшелерінің арасында коронавирус инфекциясын 30-дан астам адамның жұқтырғаны анықталды, деп хабарлпайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. 

25 наурызда Costa Atlantica лайнері профилактика және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жолаушыларсыз Нагасаки портына жеткізілді, лайнер барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін сәуір айының соңында порттан кетуі керек еді. Алайда, сәуір айының ортасында экипаж мүшелерінің бірінен коронавирус инфекциясы табылды. 

КВИ тестін тапсырған 57 команда мүшесінің 34-інің коронавирусты жұқтырғаны расталды. Кемеде барлығы 623 адам бар. 

Жапонияда COVID-19 анықталған адамдар саны 12 мың 255 адамды құрады, оның ішінде Diamond Princess круиз кемесінде вирусты жұқтырған 712 адам бар. 296 адам көз жұмды, 236 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 2001 адам сауығып шыққан.


Өзгелердің жаңалығы