Жапонияда көптеген компания Олимпиада ойындарын өткізуге қарсылық білдірді

15 Ақпан 2021, 16:32
1549
Бөлісу:
Жапонияда көптеген компания Олимпиада ойындарын өткізуге қарсылық білдірді

Алматы, BAQ.KZ. Жапониялық компаниялардың 56%-ы Токиода өткелі отырған Олимпиада ойындарына қарсылық білдірді. Бұл туралы Tokyo Shoko Research зерттеу фирмасы хабарлады. 

Аталған мекеме ақпанның 1-8 аралығында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде Жапония компанияларының 56%-ы осы жылы өткелі отырған Олимпиада және Паралимпиада ойындарын кейінге қалдыруды немесе мүлдем өткізбеуді қалайтындарын айтқан. 

Сауалнамаға қатысқандардың тек 7,7% ғана Олимпиада ойындарының толықтай көрерменнің қатысуымен өткенін қалайтынын айтқан. 

Респонденттердің 20%-ы көрермен санын шектеу арқылы өткізуді қолдаса, тағы 17%-ы көрерменсіз өткізу керек деп жауап берген. 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек болған. Коронавирус пандемиясына байланысты әлемдік доданы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өткізу туралы шешім қабылданған еді. 

Жапонияда өтетін Олимпиада тарихта бейбіт кезде кейінге қалдырылған ойын болып қалды.

Өзгелердің жаңалығы