«Дуцзюань» тайфуны Жапонияның Хонсю аралының Тынық мұхиты жағалауының орталық бөлігімен өтуі салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам хабар-ошарсыз кеткен.
Report агенттігінің Канагава және Тиба префектураларының полициясына сілтеме жасап хабарлауынша, нөсер жаңбырдан туындаған көшкін салдарынан үш адам көз жұмған. Қатты жауын-шашын кең көлемде су тасқынына әкелген.
Ауа райы жақсарғанына қарамастан, Токио аймағында көптеген теміржол желілерінің жұмысы әлі де тоқтатылған. Мамандар нөсер жаңбырдан кейін теміржол жолдары мен жабдықтардың жағдайын тексеріп жатыр.
Жекелеген аудандарда екі тәулік ішінде 410 миллиметрден астам жауын-шашын түскен. 20 қыркүйекте Жапонияның 1,6 миллионнан астам тұрғынына қауіпсіз жерге көшу туралы ескерту берілген.
Еске салайық, бұған дейін «Долфин» тайфунының салдарынан Шанхайдың екі негізгі әуежайында шамамен 1,4 мың әуе рейсі тоқтатылғаны туралы жаздық.
Сондай-ақ, «Долфин» тайфуны салдарынан Токиода жүздеген әуе рейсі тоқтатылды