«Долфин» тайфуны: Шанхайда 1,4 мыңға жуық әуе рейсі тоқтатылды

Тайфун орталығына жақын аумақта желдің жылдамдығы сағатына 150 шақырымнан асты.

 depositphotos.com 10 Тамыз 2026, 07:48
10 Тамыз 2026, 07:48
115
Фото: depositphotos.com

«Долфин» тайфунының салдарынан Шанхайдың екі негізгі әуежайында шамамен 1,4 мың әуе рейсі тоқтатылды. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Жексенбі күні Шанхай әуежайларындағы рейстердің басым бөлігі тоқтатылса, көршілес Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу әуежайында 270 рейс орындалмады.

Тайфун орталығына жақын аумақта желдің жылдамдығы сағатына 150 шақырымнан асты. Синоптиктер Чжэцзян провинциясының орталық және шығыс бөліктерінде 250-500 мм-ге дейін жауын-шашын болуы мүмкін екенін ескертті.

Қолайсыз ауа райына байланысты Қытайдың бірқатар өңірлерінде көлік қатынасына шектеулер енгізіліп, тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ұсынылды.

Наверх