Жапониядағы «Чан-Хом» тайфуны: 26 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

Апат аймағында үш адам зардап шекті.

 Report 12 Тамыз 2026, 13:18
12 Тамыз 2026, 13:18
131
Фото: Report

Жапонияда «Чан-Хом» тайфуны соқты. Салдарынан Үлкен Токио ауданындағы 26,3 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды. Көлік қатынасы бұзылып, халықаралық рейстер тоқтады. 

Зардап шеккендер бар

Жапонияның ұлттық қоғамдық телеарнасы желдің екпіні 35 м/с-қа дейін жететінін хабарлады.

Апат аймағында үш адам зардап шекті. Сондай-ақ инфрақұрылымның зақымданғаны туралы айтылуда.

Табиғи апат зардабы

Тайфун Хонсю аралының солтүстік-шығысындағы көлік қатынасын да бұзды. Токионың Ханэда мен Нарита әуежайларында, сондай-ақ Сендай қаласының әуежайында 100-ден астам ішкі және халықаралық рейс тоқтатылды.

Билік пен шұғыл қызметтер табиғи апаттың салдарын бағалауды жалғастыруда.

Еске салайық, бұған дейін Қытайда тайфун әуе қатынасын бұзып, жүздеген рейс тоқтатылғаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыз:

«Долфин» тайфуны: Шанхайда 1,4 мыңға жуық әуе рейсі тоқтатылды

Қытайда жойқын тайфунға байланысты 700 мыңнан астам адам эвакуацияланды

«Бави» тайфуны мен нөсер жаңбыр: Қытайда қауіптің қызғылт сары деңгейі сақталуда

Наверх