Қытайда «Бави» тайфуны мен нөсер жаңбырға байланысты қолайсыз ауа райы туралы ескертудің күші ұзартылды. Бұл - 2026 жылы елге болған тоғызыншы тайфун.
КХР Ұлттық метеорологиялық орталығы нөсер жаңбырға байланысты қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейін және тайфун салдарынан «көк» деңгейдегі ескертуді күшінде қалдырды.
Синоптиктердің мәліметінше, 13 шілде күні таңертең «Бави» Аньхой провинциясының Сысянь уезінде болған. Циклонның шеткі аймақтарындағы желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетті.
Тайфун сағатына 10–15 шақырым жылдамдықпен солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және біртіндеп күшін жояды деп күтілуде. Сейсенбі күні ол Шаньдун түбегі арқылы өтіп, Сары теңіздің солтүстік бөлігіне шығуы мүмкін. Содан кейін тропиктік емес циклон деңгейіне дейін әлсірейді.
Табиғи апат салдарынан Қытайдың бірқатар аймағында, соның ішінде Цзянсу, Шаньдун, Ляонин, Цзилинь және Аньхой провинцияларында, сондай-ақ елдің жағалаудағы аудандарында қатты жел мен нөсер жаңбыр жауады деп болжануда.
Ауа райы туралы ескертудің төрт деңгейлі жүйесі жұмыс істейді. Ең жоғары қауіп деңгейі қызыл түспен белгіленеді. Одан кейін қызғылт сары, сары және көк деңгейлер келеді.
Бұған дейін Қытайда «Бави» тайфунына байланысты шектеу шаралары енгізілді хабарланған болатын.
Сондай-ақ, Қытайда тасқыннан кейін елді мекендерге 900-ге жуық жылан тарап кеткен.