Жапонияда «Әл-Фараби орталығы» ашылды

24 Желтоқсан 2020, 11:06
1359
Бөлісу:
Жапонияда «Әл-Фараби орталығы» ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев, Цукуба университетінің ректоры Кёсукэ Нагата және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Жапонияда «Әл-Фараби орталығын» салтанатты түрде ашты.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шара ғалым және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналған айтулы оқиға болды, ол 2020 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша атап өтіледі.

Орталық Гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары саласындағы бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру, сондай-ақ әл-Фарабидің энциклопедиялық мұрасын ілгерілету алаңына айналуға тиіс.

Ғ.Мұтанов өз сөзінде орталықтың ашылуы – ұлы ойшылдың тұлғасына деген жоғары құрметтің белгісі және қазақ халқына деген үлкен достықтың көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, орталықтың қызметі кәсіби кадрларды бірлесіп даярлауға, ҚазҰУ мен Цукуба университеті ғалымдарының халықаралық рейтингтік ғылыми басылымдардағы жарияланымдарын ілгерілетуге бағытталатын болады.

К.Нагата Орталық Қазақстан мен Жапония арасындағы гуманитарлық саладағы қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ете отырып, бірлескен ғылыми-білім беру қызметін одан әрі дамытуға ықпал ететінін мәлімдеді. Ректор Жапония императорының таққа отыру рәсіміне қатысу мақсатында 2019 жылғы қазанда Токиоға сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметті доктор атағын беру Цукуба университеті үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Орталық сондай-ақ «Campus-in-Campus» бағдарламасы шеңберінде ҚазҰУ өкілдігі ретінде жұмыс істейтін болады.

Цукуба Жапонияның жетекші ұлттық университеттерінің бірі, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі білім беру және зерттеу орталығы. Нобель сыйлығының лауреаттары саны бойынша елдің жоғары оқу орындары арасында 4-орын алады.

Өзгелердің жаңалығы