Жапонияда 1,8 млн долларлық гауһар тас ұрланды

25 Қазан 2019, 14:25
1858
Бөлісу:
Жапонияда 1,8 млн долларлық гауһар тас ұрланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Иокогама қаласында өткен зергерлік бұйымдар көрмесінде елу караттық гауһартас ұрланды. Ұрланған асыл тастың құны 1,8 миллион долларға бағаланады, деп хабарлады Хабар24. 

Көрме жабылар кезде "Пасифико Иокогама" көрме орталығының қызметкері ашық тұрған витринадағы тастың жоқ екенін байқаған. Полицияның айтуы бойынша, гауһар тасты көрме залының қызметкерлерінің бірі ұрланған болуы мүмкін. Қылмыскерлер іздестірілуде. 
Өзгелердің жаңалығы