Жапония жұртшылығы шеруге шықты

28 Тамыз 2023, 05:35
988
Бөлісу:
Жапония жұртшылығы шеруге шықты
Фото: скрин

Осылайша белсенділер Фукусима-1 атом электр станциясындағы радиоактивті судың мұхитқа төгілуіне кезекті рет қарсылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көшеге шыққан жұрттың айтуынша, атом электр станциясында жиналып қалған суды мұхитқа ағызып жіберу флора мен фаунаға орасан зиян тигізеді. Бірақ ел билігі бұл судың арнайы тазартудан өткенін және ешкімге де қауіпті еместігін алға тартып отыр.

Естеріңізге сала кетейін, радиоактивті су осы бейсенбіде Тынық мұхитына төгіле бастады. Бұл іс шамамен 30 жыл уақыт алады.

Өзгелердің жаңалығы