Жапония Украинаны қолдау үшін санкцияларды күшейте бермек

10 Мамыр 2023, 21:23
863
Бөлісу:
Жапония Украинаны қолдау үшін санкцияларды күшейте бермек
Фото: Chris McGrath/Getty Images

Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуно Токионың Ресейге қарсы санкцияларды одан әрі күшейтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Токио Киевке жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеп, уәде берді

Біз Ресейге қарсы қатаң санкцияларды және Украинаны қолдауды жалғастырамыз, - деді Хирокадзу Мацуно.

Биыл Ресей мен Жапония арасындағы тауар айналымы жыл басынан 41 пайызға төмендегені белгілі болды. Жапон билігі Ресеймен сауда-саттыққа бірқатар тыйым салған.

Өзгелердің жаңалығы