Жапония экспортында құлдырау байқалады

17 Тамыз 2020, 19:50
1610
Бөлісу:
Жапония экспортында құлдырау байқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония экономикасы алдын ала есептеу бойынша үшінші тоқсанда 7,8%-ға төмендеген, деп жазды interfax.ru.

Пандемияның салқынын күншығыс елі де сезіне бастады. Жапония экономикасының көптеген көрсеткішінде төмендеу бар.

Елдің ішкі жалпы өнімі жыл басынан бері құлдырап, қаңтар-наурызда 0,6%-ға азайса, екінші тоқсанда сарапшылар оны 7,6%-ға кеміді деп болжаған.
Пандемия салдарынан елде тұтынушылық шығындар да 8,2 пайызға қысқарды. Экспорт көлемі 18,5%-ға төмендеген. 

Бұл 2009 жылдың бірінші тоқсанын бері есептегенде, төмендеудің ең жоғары көрсеткіші болып саналады. Импорт көлемі 0,5%-ға азайып, мемлекеттік шығындар 0,3%-ға қысқарды.


Өзгелердің жаңалығы