Жапония бірқатар префектурада ТЖ режимін алып тастады

18 Маусым 2021, 00:15
1691
Бөлісу:
Жапония бірқатар префектурада ТЖ режимін алып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда коронавирустың таралуы бәсеңдеп, билік Токио мен тағы 8 префектурада төтенше жағдайды алып тастау туралы шешім қабылдады. 

Індетке қарсы шара тек Окинава аймағында күшінде қалады. Өйткені бұл префектурада вирус жұқтыру әлі төмендемеген. Билік елде кей санитарлық шаралар сақталатынын айтады. Мысалы, мейрамхана мен дәмханалар кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істеп, концерттік және спорттық іс-шараларды көрушілер саны ғимараттың сыйымдылығының жартысынан аспауы керек. 

Мамыр айының ортасынан бастап елде індеттің таралуы саябырлап, науқас саны азайды. Интенсивті терапия бөлімдеріндегі емделушілер саны да төменедеді. Дегенмен, кей аудандарда жағдай қайта нашарлауы мүмкін, – дейді Жапония Премьер-министрі Ёсихиде Суга.
Жапония билігі келесі айдың ортасынан бастап ковид-төлқұжат беруді жоспарлап отырғанын хабарлады. Ковид-сертификат алдымен қағаз жүзінде, кейін электронды форматта беріледі. Құжат тегін, онда адамның қандай екпе және қай кезде алғаны жайлы ақпарат жапон, ағылшын тілінде көрсетіледі. Билік бұл шара туризмді жандандыруға көмектеседі деген үмітте.
Өзгелердің жаңалығы