Павлодар облысында денесінде күйік іздері бар жалаңаш әйелдің мәйіті табылды.
Ақсу қаласының маңында түсірілген жантүршігерлік видео әлеуметтік желілерде пайда болды.
Құқық қорғаушылар күдікті ұсталғанын мәлімдеді.
Әйелді өлтіру дерегі бойынша Ақсу қаласында қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда 20 жастағы жігітті бір топ адам соққыға жығып өлтіргені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Белбеумен буындырып, бет-әлпетін тілгілеп тастаған: Ақтөбедегі аяусыз кісі өлтіру ісі қайта қаралды
Алматыда 15 жастағы жетім қызға 8 жігіт зорлық көрсеткен
Шығыс Қазақстан облысында жас жігітті атып кетті