Жанна Мамажанова жеңіл атлетикадан Токио ойындарының жолдамасын жеңіп алды

23 Мамыр 2021, 17:32
2112
Бөлісу:
Жанна Мамажанова жеңіл атлетикадан Токио ойындарының жолдамасын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Жанна Мамажанова Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол марафонда сынға түсіп, Австриядағы жарыс жеңімпазы атанды. 

Оның уақыт көрсеткіші – 2:29.01 секунд. Екінші орында чехиялық Терезе Хрочова, үшінші сатыда швециялық Ханна Линдхольм. 

Өзгелердің жаңалығы