Жәнібек Әлімханұлы мерзімінен бұрын рингке оралуы мүмкін

Командасы дисквалификацияны жеңілдетуге үмітті, боксшының өзі де жақын арада оралуға ишара жасады.

 instagram.com/janibek_alimkhanuly Бүгiн 2026, 12:14
Бүгiн 2026, 12:14
145
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рингке күткеннен ертерек оралуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталған еді. Тергеу қорытындысы бойынша, бұл препарат спортшының ағзасына әдейі емес, сәуір айындағы жекпе-жектен кейін Қазақстандағы клиникалардың бірінде ем қабылдау кезінде түсуі мүмкін екені белгілі болды.

Соған қарамастан, World Boxing Organization Әлімханұлының чемпиондық белдігін сақтап қалды, бірақ оны 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жекпе-жектерден шеттетті.

Қазір боксшы бұл шешімге ресми түрде апелляция берді. Boxing Social мәліметінше, спортшының командасында үміт күшейген – олар WBO өз шешімін қайта қарап, чемпионға мерзімінен бұрын рингке оралуға мүмкіндік береді деп сенеді.

Ал Жәнібектің өзі де әлеуметтік желідегі X парақшасында жанкүйерлердің қызығушылығын арттыра түсті. Ол жақын арада оралуы мүмкін екенін аңғартып, қолдау білдіргендерге алғыс айтты. Сондай-ақ орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерді біріктіру жолын жалғастыру ниетін жеткізіп, WBO ұйымына ерекше құрмет білдірді.

Наверх