Жәнібек Әлімханұлы екі титул үшін айқасады

17 Наурыз 2023, 16:12
783
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы екі титул үшін айқасады
Фото: Top Rank

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао және орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі арқылы екі титул үшін айқас өткізуге келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фалькао Головкин босатқан IBF титулын жеңіп алғаннан кейін Жәнібекпен шығуға дайын екенін айтты. Мұның алдында Халықаралық бокс федерациясы Фалькао мен германиялық Винченцо Гуальтьери арасында осы белбеу үшін жекпе-жекті белгілеген болатын. 

Менің бірінші мақсатым - IBF белебуі, одан кейін WBO чемпиондығы үшін айқасу. Мен келе жатырмын чемпиондар, - деп жазыпты Фалькао Twitter желісінде.

Кел жасайық. Мен де соны қалаймын, - деп жауап берді Әлімханұлы. 

Бәрі ретімен, мені күте тұр, - деді Фалькао.

Сені ұзақ күттім. Енді қанша күтемін? 40 жасқа дейін ба?, - деп жазыпты Жәнібек.

Біздің жекпе-жек өте тартысты болады, тек IBF белбеуіне жетіп алайын, - дейді Фалькао.

Өзгелердің жаңалығы