Жаңбырлы ауа райы оңтүстікке қарай жылжиды

21 Тамыз 2019, 15:29
1792
Бөлісу:
Жаңбырлы ауа райы оңтүстікке қарай жылжиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы үш күнде республиканың солтүстігінде жаңбыр және температураның төмендеуін тудырған суық атмосфералық фронт, оңтүстік бағытта жылжуын жалғастырады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Бұл фронтпен алдағы екі тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің дауылды күшеюі және бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ оңтүстікте және жеке аймақтарда найзағаймен өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. 

"Ал оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр, таулы және тау бөктері аймақтарында қатты жаңбыр және болжанатын аралықтың ішінде бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыс және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз және ауа температурасы бұрыңғыдай климаттық нормадан 3…5°С жоғары", - делінген таратылған ақпарартта.

Өзгелердің жаңалығы