Жаңбыр, тұман: 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

2 Қазан 2024, 07:11
358
Бөлісу:
Жаңбыр, тұман: 2 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ - архив

2 қазанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне қарай жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенес, республиканың оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр, қар жауады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында ғана жоғары қысымды өрістің әсерінен ауа құрғақ және жылы болады. Қазақтан бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақыттарда солтүстікте, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – тұман түседі.

Қарағанды, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, - делінген ақпаратта.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы