"Жаңбыр, көктайғақ". Еліміз бойынша 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

24 Наурыз 2024, 22:38
534
Бөлісу:
"Жаңбыр, көктайғақ". Еліміз бойынша 25 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 25 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-дың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстік өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Еліміздің тек батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстанның барлық өңіріне тұман көрініс тауып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал, - деп жазылған "Қазгидромет" хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы