“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні елдің шығысында, түнде солтүстігінде және орталығында, күндіз батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы сипатта сақталады.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін, – деп жазылған ақпаратта.
Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.
Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.