Жаңаөзендегі жарылыс: Зардап шеккендер арасында 8 бала бар

17 Сәуір 2023, 10:43
529
Бөлісу:
Жаңаөзендегі жарылыс: Зардап шеккендер арасында 8 бала бар

Қазіргі уақытта үйінділердің астынан зардап шеккен 2000 жылғы әйел мен 1994 жылғы қайтыс болған азаматтың денесі алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Медициналық көмекке 12 адам жүгінді. Оның ішінде 8 бала: 5 адам ауруханаға жатқызылды. Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасуда, 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99. 

Еске салсақ, Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 11 адам зардап шекті. Оқыс оқиғаға байланысты бүгін жедел штаб құрылды. Зардап шеккен азаматтардың бірі қайтыс болды. Екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер берілетінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы