Жаңаөзендегі жарылыс. Зардап шеккен тағы 2 адам көз жұмды

28 Сәуір 2023, 14:43
925
Бөлісу:
Жаңаөзендегі жарылыс. Зардап шеккен тағы 2 адам көз жұмды
Фото: ТЖМ

Жаңаөзенде жарылыс кезінде зардап шеккен тағы екі адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңаөзендегі жарылыстан кейін Ақтаудағы облыстық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген 46 және 51 жастағы ер адамдар көз жұмды.

Көпсалалы аурухана дәрігерлерінің айтуынша, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілген.

Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды құтқара алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Біз туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 13-ке жуық адам зардап шекті. Оқыс оқиғаға байланысты жедел штаб құрылды. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза болып, 4 пәтер қирады. Сондай-ақ Жаңаөзендегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұрғын үйсіз қалған отбасыларға пәтер берген еді.

Өзгелердің жаңалығы