Жаңаөзендегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды

17 Сәуір 2023, 14:22
798
Бөлісу:
Жаңаөзендегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды
Фото: ТЖМ

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Прокуратура жедел-тергеу тобын құрды.

Облыс прокуратурасы тұрғын үйдегі жарылыс туралы іс жүргізетін прокурорлар тобын анықтады және ТЖ департаменті мен өңірдің полиция департаментінің бірлескен бұйрығымен тәжірибелі қызметкерлер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу облыс прокуратурасының бақылауында. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, – деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Жазира Қуанова.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңаөзенде 17 сәуірде сағат 4:05 шамасында Шұғыла шағын ауданындағы 2 қабатты үйде газ қоспасы салдарынан жарылыс болған еді. Салдарынан 4 адам қаза болып, 17- сі зардап шекті.

Әкімдік мәліметінше, қайғылы оқиға себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды. Еліміздің беделді компанияларының бірі жарылыстан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтер беретінін мәлімдеген болатын.

Құтқарушылар үйінділерден 3 адамның денесін алып шыққанын жазған болатынбыз.

Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев жарылыстың себебін анықтайтынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы