Жаңаөзенде өткен халықаралық турнирге 300-ге жуық боксшы қатысты

14 Маусым 2024, 12:20
307
Бөлісу:
Жаңаөзенде өткен халықаралық турнирге 300-ге жуық боксшы қатысты
PHOTO
Фото: «Халық» қайырымдылық қоры

2024 жылдың 8-12 маусым аралығында Жаңаөзен қаласы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде бокстан спорт ардагері, жаттықтырушы Ақылбек Теміровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүбірлі додаға Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Олар бес күн бойы өзара мықтыны анықтады.

Жаңаөзенде өткен халықаралық турнирге 300-ге жуық боксшы қатысты

Жарыстың ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде Олимпиада ойындарынын екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Әлем чемпионы Ердос Жанабергенов, Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов, Азия ойындарынын күміс жүлдегері, Халыкаралык спорт шебері Ерік Әлжанов, Олимпиада ойындарынын катысушысы, Қарулы күштер арасындағы Әлем чемпионы Берік Әбдрахманов, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, Маңғыстау облысынын бокс федерациясының өкілдері мен Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қатысты.

Жаңаөзенде өткен халықаралық турнирге 300-ге жуық боксшы қатысты

Жарыста 2010-2011 жылдары туған жастар 17 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыс жеңімпазы атанған спортшыға арнайы белбеу тағылды, - делінген хабарламада.

Жаңаөзенде өткен халықаралық турнирге 300-ге жуық боксшы қатысты

Ауқымды турнирді ұйымдастыруға «Халық» қайырымдылық қоры мен «Бірлік» қоғамдық бірлестігі демеушілік етті.

Жаңаөзенде өткен халықаралық турнирге 300-ге жуық боксшы қатысты

Айта кетейік, «Халық» қайырымдылық қоры бұған дейін Маңғыстау облысында спорт инфрақұрылымын дамытуға үлес қосқан болатын. Сондай-ақ осы қордың демеушілігімен 2025 жылға дейін Жаңаөзен қаласында үлкен спорттық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салыну жоспарланып отыр. Аталмыш қор есебінен салынбақшы кешенге 1 млрд теңге қаржы бөлінген.

Өзгелердің жаңалығы