Жаңаөзенде 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

22 Ақпан 2021, 22:40
1767
Бөлісу:
Жаңаөзенде 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда «Иманды жастар» тобы және Жастар ресурстық орталығының еріктілерінің қолдауымен «Әр жұмада бір шара» жобасы аясында кең ауқымды қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. 

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамының бастамасымен, «Өзенмұнайгазға» қарасты «НГДУ-4» мекемесінің ұжымы, «Игі істер» қоғамдық қоры, сондай-ақ құлшылық үйінің жанынан ашылған «Иманды жастар» тобы және Жастар ресурстық орталығының еріктілерінің қолдауымен «Әр жұмада бір шара» жобасы аясында кең ауқымды қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды, – делінген хабарламада.

Ізгі һәм игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, барлығы 100 жанұя қамтылды. 

Мешіт өнегелік істерде халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, имандылықтың ордасы ретінде қызмет етуі керек. Бүгінгі игі іс-шараға атсалысқан мешітіміздің жамағатына алғысымызды айтамыз! Бірінші Алланың қалауымен, екінші қолы ашық азаматтардың арқасында осындай шараны өткізіп отырмыз. Баршаңызға Алла разы болсын! Алла сауаптан жазсын!, – деді «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлы

Өзгелердің жаңалығы