Жаңадан құрылған үш облыста әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын орталықтар ашылады

11 Қараша 2022, 11:19
1127
Бөлісу:
Жаңадан құрылған үш облыста әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын орталықтар ашылады
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін елордада «Қазақстандағы ауыл кәсіпкерлігі: проблемалар, перспективалар және әйелдердің рөлі» тақырыбында Қазақстан ауыл әйелдерінің кезекті бесінші отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумда кәсіпкерлікті дамыту, қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты реттейтін мүмкіндіктер тудыру,  ілгерілету жұмыстарын жүргізу, осы жолда әділдікті қамтамасыз ету, сонымен қатар өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлау мәселелері қозғалады.

Экономикамыздың дамуы ол ауыл кәсіпкерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да осы іс шара аясында атқарылып жатырған біршама ауыл әйелдерінің үлесі зор. Жобаның 10 жылында байқауға 4000-ға жуық кәсіпкер қатысып, 117 әйел жалпы сомасы 390 мың долларға грант жеңіп алды,- деген Майра Айсина қазіргі кезде әйелдердің өз кәсібін ашып, жұмыс орындарының қатарын көбейтіп, жұмыспен қамтып отырғанын   ерекше атап өтті.

Жаңадан құрылған үш облыста әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын орталықтар ашылады

Сондай-ақ  жиынның ашылуы ҚР Ұлттық экономикасының бірінші вице министрі Т.Жақсылықовтың, ҚР ауылшаруашылығының вице-министрі Б.Бекбауовтың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі О. Ордабаевтың құттықтау сөздерімен  жалғасын тапты.

Өткен жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ұлттық жобалары қабылданған  болатын. Ел бойынша  әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын  17 орталық жұмыс істеп жатыр. Ол тұрақты даму мақсаттары мен әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Жоба былтырдан бастап жүзеге асырылса да, оның нәтижелерін көріп отырмыз. Келесі жылы жаңадан құрылған үш облыста аталған орталық ашылады,-деді вице-министр.

Оның айтуынша, 1 қарашадағы жағдай бойынша 8300 әйел орталыққа жүгінсе, оның 29 пайызы - ауыл әйелдері.

Жаңадан құрылған үш облыста әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын орталықтар ашылады

Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі Олжас Ордабаев  әйелдер кәсіпкерлігінде тұрақты даму үрдісіне тоқталып, еңбекпен қамту жағынан мемлекет тарапынан келесі жылда микронесие жүйесін енгізу күтілетінін айта кетті.

Өзгелердің жаңалығы