Жаңа жоба: Шешімдері бар 58 материал дайындалды

23 Ақпан 2024, 17:22
456
Бөлісу:
Жаңа жоба: Шешімдері бар 58 материал дайындалды
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Solutions Journalism Lab – Қазақстанда шешім журналистикасын қолға алған алғашқы жоба. Оны Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шешім журналистика зертханасы пилоттық жоба ретінде басталып отыр. Біздің ойымызша, ақпарат таратуда тек проблемаларды ғана айтпай, шешімдерді де ұсыну керек. Шешім журналистикасы объективті журналистикаға жатады. Біз ешқандай фактіні қиссаландырып, жарнама жасауға жол бермеу керекпіз. Шешім журналистикасын жеке жанр ретінде қарастыруға болады, - деді қор президенті Қарлығаш Жаманқұлова. 

Жаңа жоба: Шешімдері бар 58 материал дайындалды

Жобаға қатысуға 400 үміткер өтініш жіберді. Конкурстық іріктеудің арқасында 12 аймақтан 58 қатысушы таңдалды. Оларды оқыту 1 айға созылса, зерттеу мен мақала жазу 1,5 айға жалғасты. Жоба аясында экономика, экология, әлеуметтік мәселелер, ауыл шаруашылығы, білім саласы, киберқауіпсіздік, өнеркәсіп, урбанизация мәселелері бойынша шешімдері ұсынылған 58 материал дайындалды. 

Жаңа жоба: Шешімдері бар 58 материал дайындалды

Біз бұл жобаны қолдай алғанымыз үшін қуаныштымын. Жемісті нәтижелерге қол жеткіздік деп ойлаймын. Меніңше, Қазақстандағы тәуелсіз журналистика саласының дамуы өте маңызды. Ол – елдің саяси және экономикалық дамуын қолдау. Өйткені экономика дамуы үшін журналистика жақсы жұмыс істеуі керек, - деді Ұлыбритания елшісі Кэти Лич. 

Жаңа жоба: Шешімдері бар 58 материал дайындалды

Айта кетейік, Solutions Journalism Lab жобасы бойынша дайындалған жұмыстар 1,5 млн қаралым жинап, 120 мың кері байланыс алды. 2 шешім қабылданып, 3 шешім қарастырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы